ЕИТИ
2023 жылдың 18 желтоқсан күні Екібастұз қаласында алғаш рет “АДАЛ АЗАМАТ: КРЕАТИВТІ ЖАСТАР” атты жастар форумы өтті. - Жаңалықтар

 

Бұл форумның мақсаты: Жастар саясатының 2023 жылғы жұмысының қортынды кешін ұйымдастыра отырып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, нетворкинг алаңдарын қалыптастыру болып табылады.
Осы форумға біздің институтымызда атсалысып қатысты.
Форумның қатысушысы -біздің студентіміз Махмет Аяулым студенттік комитет мүшесі, әрі спортшы.
Аяулым студенттік шақтың маңыздылығы туралы ой қозғап, студенттік шақтағы қоғамдық белсенділік, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды, Екібастұздық студент болғанын мақтанышпен айтты. Келесі жылға сәттілік тіледі.
???? Форумға 300 ге жуық облыс, қала, ауыл белсенді жастары және басшылары қатысты.

????Жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Еркін Аманкелдіұлын, Екібастұз қалалық мәслихат депутаты, академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының ректоры Далида Маратқызы “Maxi Mall” Сауда орталығы және т.б. мекемелер ұжымына алғыс хат табыстады.

????Кеш соңында қонақтар арнайы дайындалған фуршет дастарханына өтіп, әрі қарай би кешімен, қызықты ойындармен жалғастырды.
Ерекше ілтипатпен алғысымызды @crmi_ekb @erkin.jas жолдаймыз

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021