Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл - Жаңалықтар

Бүгін ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Ол қазақ әдебиетінің, мәдениетінің және халықтың рухани қазынасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, шығармашылығы арқылы Қазақстан шегінен асып, әлемдік мәдени мұраның бір бөлігіне айналды.
Абайдың туындылары – ағартушылықтың, адамгершіліктің және білімге ұмтылыстың символы. Олар бүгін де ұрпақтарды шабыттандырып, біріктіріп, қоғамымыздың іргетасын құрайтын құндылықтарды нығайта түсуде.
Абайдың әділет, адалдық, еңбек және білім жөніндегі ойлары әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандардың жүрегінен орын алып, халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті күшейтіп келеді.