Республика күні-Қазақстанның басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Республика күні-еліміздің мемлекеттілікке батыл қадамының символы. Бүгін академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ-де " Қыран елім-Қазақстаным!" оған" Аманат " партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Нияз Құдайбергенұлы Макраев, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі Гүлнар Қабдылбақытқызы Қарабаева, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы Болат Жарылғапұлы Унайбаев шақырылды. Сондай-ақ, Екібастұз қаласы әкімдігі мен мәслихатының құрметті оқытушыларына құрмет грамоталары, ерекше көзге түскен студенттерге ректордың алғыс хаттары табыс етілді!
Қалың жұртым, қазағым мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.