2022 жылдың 27 қазанында Nobel Festa-ны ұйымдастыру және өткізу аясында Астанадағы VEIL қонақ үйінің FUSION залында Нобель сыйлығының лауреаттарымен, Nobel Fest байқауының және эссе байқауының жеңімпаздарымен мерекелік таңғы ас ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының күнін мерекелеуге арналған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында барлық жоғары оқу орындарында эссе байқауын жариялады.
Эссе байқауы жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына қатыстылық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, шығармашылықты белсендіруге, жастардың бойында ұлттық сананы
дамытуға бағытталған.
Байқауға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Университеттік байқаулардың жеңімпаздары университет ректорлары атынан мақтау қағаздарымен, дипломдармен
және сыйлықтармен марапатталды.
Таңғы асқа университет студенттері арасындағы үздік эссе байқауының 5 жеңімпазы қатысты.
Құрметті қонақтар: Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев; 2007 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Инчхон университетінің профессоры Рае Квон Чунг; 2021 жаһандық мұғалім сыйлығының иегері Кейша Торп; бас футуролог және SAP Future хабының жетекшісі Мартин Везовский; Трайша Торп, АҚШ элитасының негізін қалаушы, бас директор және президенті, Nobel Fest байқауының жеңімпаздары да қатысты.
Сол күні министрлік ғимаратында салтанатты жағдайда ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан эссе байқауының жеңімпаздарына ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қ.Ерғалиев дипломдар табыс етті.