ЕИТИ
Біздің интеллектуалдар - Жаңалықтар

Ақпанның 14 Павлодар облысының жоғарғы оку студенттері «IQ-games» атты интелектуалды бәйгеде бақ сынады. Ойын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар бастамасын дамыту орталығымен өткізілді. Оның мақсаты білім берудің жаңа сапасын алу, өзгерістерге үнемі бейімделу және жастар арасында жаңа білімді игеру, қабілетін дамыту. Өйткені, тек қазақстан азаматы, өз тарихын, тілін, мәдениетін, заманауи, шет тілдерін білетін, озық және жаһандық көзқарастары бар жастар, идеалданған қоғам құра алады. Адами капитал - бұл жаңғыртудың негізі, ал біздің жастарымыз - бұл жарқын болашақтың кілті.«IQ-games» ойыны 3 турдан тұрады және білімнің түрлі салаларында білімді қолдануды, сондай-ақ экономикалық ойлау мен топтасқан командада жұмыс жасауды үйретеді. Павлодар облысының барлық жоғары оқу орындары сайыста білімін ортаға салды. ПГУ, ПГПИ, ИнЕУ және біздің ЕИТИ студенттері: Осташевский Никита (БЭЭ-21), Ольга Емельяненко (БГД-21) Колесниченко Юлия(БПО-11) қаламыздың намысын қорғап областық ойынға ат салысты. Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының студенттері «IQ-games» областық интелектуалдық ойында ащы күресті жеңіп алды! Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осыменен тоқтамаймыз, әлі де алдағы үлкен белестерді бағындыруға дайынбыз.Колесниченко Юлия, Академик Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ -ның студенті.
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021