23 қазан "Атамұра" мәдениет орталығында Республика күніне арналған "Ешкім де батыр болып тумайды" атты диалог алаңы өткізілді. Диалог алаңында өзіндік орны бар қауым өкілдерінің өмір тарихы аитылып, тәрбиелік мәні бар істері насихатталды.
"Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы боиынша филиалының басшысы, Қазақстанның еңбек ері Амренов Ришат Бабаиұлы. Жасыбай БЖСМ гір спорты және ауыратлетика жаттықтырушы-ұстазы, жоғары санатты бапкер, жоғары санатты төреші Дархан Боранбаийұлы. "Атамұра" мәдениет орталығының "Атамұра" ұлт аспаптар ансамблінің күйшісі Теміржан Мадияр Даниялұлы. Алаңға жастар, оқушылар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты, Шара соңында жоғарыда көрсетілген азаматтарға қоғамдық бірлестіктің атынан алғыс хаттар табысталып құрмет көрсетілді.