ЕИТИ
Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Екібастұз қалалық қоғамдық штабтың мүшелері жастармен өткен кездесуде Жастар кәсіпкерлігі мен еңбекпен қамту мәселелерін талқылады. - Жаңалықтар

Халықтық коалиция белсенділері — Татьяна Шмидт, Далида Сиваракша, Арман Амургалинов, Иван Дычко жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атап өтті.

— Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас жұмысқа орналастырылатын болады. Сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді, — деді Далида Маратқызы.

Өз кезегінде жас сайлаушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын ортаға салды. Стартап-идеяларымен бөлісіп, Қазақстан мен туған қаламыз Екібастұзды көркейту жолында атқарылатын жұмыстарға білек сыбана кірісуге дайын екендерін айтты.

Кездесуге қатысушылар арасында сайлауда алғаш рет дауыс беретін жастар да болды.


 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021