ЕИТИ
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының ЖОО ішіндегі кезеңін өткізу - Жаңалықтар

2020 жылдың 9-23 қараша аралығында институтте «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2020» байқауының ЖОО ішіндегі кезеңі өткізіледі.

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар, конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар қатыса алады.

Конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңіне қатысу үшін үміткерлер 2020 жылдың 9 қарашасына дейін мынадай құжаттарды электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште береді:

1) Конкурс Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) Конкурс Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) Конкурс Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.


Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021