
Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылар мен студенттері бірігіп Казақстан темір жол өнеркәсібінің жетекші өкілдері болып табылатын “Проммашкомплект” және «Railways Systems KZ» ЖШС танымдық экускурсияға барып қайтты.Экскурсия барысында қатысушылар өндірістегі заманауи технологиялары, автоматтандыру және өндірістік нысандардағы ақпараттық технологиялар енгізу туралы құнды ақпарат алды. Студенттер теориялық білімнің іс жүзінде қалай қолданылатынын көріп, кәсіпорындарда қолданылатын инновациялық шешімдермен танысты және мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Кафедра оқытушылары «Проммашкомплект”» ЖШС және Railways Systems KZ басшылығына жылы қабылдауы, мазмұнды экскурсиясы және нақты өндірістік үрдіске қол тигізу мүмкіндігі үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби бағдарлануында және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.