Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! - Жаңалықтар

Құрметті жерлестер, әріптестер, студенттер!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің жаңғыруын білдіретін ерекше мейрам. Бұл күн бірлік пен татулықтың, ізгілік пен игіліктің символы болып саналады.
Әрбір шаңырақта береке мен құт-береке болсын, жүректеріңізді үміт пен шаттық кернеген көктем қуанышына толсын!
Екібастұз инженерлік-техникалық институты баршаңызға денсаулық, бақыт, еңбекте табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!
Наурыз мейрамы құтты болсын!