ЕИТИ
“АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН” атты танымдық экскурсия - Жаңалықтар

Шәкәрім университетінде өткен «Абайдың толық адам ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» Республикалық жастар форумының аясында 24 мамыр күні танымдық экскурсияға қатыстық.
Сапар барысында Күшікбай монументіне аялдап, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов те талай рет дәм татқан Күшікбай бұлағынан шөл бастық. Одан әрі Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйіне барып, жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстық.
Экскурсия «Еңлік-Кебек» ескерткіші мен Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жерінде жалғасып, ақынның 45 қара сөзі жазылған мәрмәр тастар жанында естелік суретке түстік.
Сапарымыз Жидебайдағы Абай музей-үйі мен Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне барумен аяқталды. Ұлы тұлғалардың рухына тағзым етіп, мол рухани әсермен оралдық.

Прикрепленные файлы
"АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН” атты танымдық экскурсия
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021