Институтта әр оқу жылында 1-2 курс студенттерімен оқу мекемелерінде жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде әңгімелер жүргізіледі, буклеттер таратылады.
Біздің институтта студенттердің кездесуі өтті. "Есірткіні қолдану мен таратудың құқықтық аспектілері" тақырыбында Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ирина Александровна Темірғалиевамен және Павлодар облыстық психиатриялық санаторийінің психологы Анна Александровна Куликовамен талқыланды.
Сөз сөйлеу барысында полиция подполковнигі есірткінің зияны, жауапкершілікке тарту, оларды пайдаланудан құтылу жолдары, нашақорлықтың денсаулыққа әсері туралы тақырыптарды қозғады.
Бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді, жалпы қоғамда, атап айтқанда кәмелетке толмағандар арасында есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға байланысты мәселелер талқыланды.