ЕИТИ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы алдын алу бойынша диалог алаңы өткізілді - Жаңалықтар

2021 ж. 18 қыркүйек күні академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ конференц-залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы алдын алу бойынша диалог алаңы өтті. Студенттер мен ПОҚ шақырылған спикерлерді т.ғ. к., Утеубаев Марат Толеутемирович, "Ана ұлағаты" ҚБ төрағасы, ҚР ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, Сағындықова Маруаш Жолтановна және Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі Қарабаева Гульнара Кабдылбакитовна қызығушылықпен тыңдады. Кездесуге қатысушылар тарихи және қазіргі заманғы контексте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселері туралы білді. М.Т. Өтеубаев бұл құбылыс туралы толық мәліметберіп, тұрақтылық себептері мен түрлі елдердің тәжірибесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін ашып, жүйелі түрде айтып берді. Г.К. Қарабаева өзінің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, осы құбылыстың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық аспектілерін талдады. М. Ж. Сағындықова студенттерге мәдени және адамгершілік-этикалық аспектілерді бірге қарастыруды ұсынды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021