ЕИТИ
2023 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өттті. - Жаңалықтар

Акцияның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық — зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болды.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Осыған орай, «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы байлынысты 2023 жылдың 22 қарашасында біздің нститут қабырғасында студенттер арасында ерекше тренинг-ойын ұйымдастырылды.
Тренинг -ойын төрт кезеңнен тұрды:
1. Жүйріктер кезеңі.
2. Аяқталмаған тезистер.
3. Ойлан, тап!
4. Өз ойыңды айт!
Ойынға үш команда қатысты. Әр кезеңде өзінің ерекше шарты болды.
Мысалы, “Жүйріктер кезеңінде” әрбір топқа адам қолы салынған суреті берілді. Сол суретте сөздер жазылған. Әрбір екі минут уақыт ішінде суретте жазылған сөзге бес синонимдерді бес саусаққа жазу керек болатын. Ал “Аяқталмаған тезистер” кезеңінде әрбір топ экранда берілген анықтаманы аяқтау керек болатын. Үшінші “ Ойлан, тап” кезеңінде студенттердің қазақ халқының сөздері жазылған қағаз қиындылары беріліп, екі минут ішінде барлық сөздер қиындыларын қағазға жабыстырып қана қоймай, сонымен қатар жасырын мақалды тауып,мағынасын түсіндіру керек болатын.
Төртінші кезеңде әрбір топ капитандары берілген сұраққа өз пікірлерін айтып, ойларын талқыға салды.
Барлық қатысқан топтар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды!
Бұл ойында студенттер зорлық -зомбылықтың бастамасы қайда жатқанын, оның алдын -алу жолдарын анықтап танысты.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021