Грант куәлігі - Жаңалықтар

Құрметті талапкерлер және ата-аналар!
Кеше сіздер грант тізімімен таныстыңыздар. Ал, бүгін грант куәлігі дайын болды.
Грант туралы куәлікті grant.testcenter.kz сайтынан (ЖСН және ТЖК енгізу арқылы) жүктеуге болады.
МАҢЫЗДЫ: Сіздің ТЖК грант конкурсына қатысуға ұсынылған ҰБТ сертификатында жазулы тұр. Мұқият болыңыздар.
Барлық грантқа түскен талапкерді құттықтаймыз. Оқуда озат болып, білім жолында жетістіктерге жете беріңіздер!