МИЛЛИОНЕР ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА
24 маусым күні “Мінберде: кәсіпкер” сараптамалық алаңы өткізілді.
Сараптамалық алаңға спикер ретінде қазақ жастарының мақтанышы АҚШ-та өзіндік кәсібі бар, белгілі блогер @akzhol_zhumagulov арнайы қатысты.
Сараптамалық алаң бастамас бұрын @auen_ensemble ансамбілінің өнерін тамашалаған Ақжол Жұмағұлов жігіттердің шығармашылығына сәттілік тілеп қаржылай қолдау білдірді.
Жастармен кездесудің бірінші бөлімі “Өнер” ҚМС-да басталса, екінші бөлім студент жастардың сұранысына сәйкес Екібастұз политехникалық колледжінде жалғасты.
Жиын соңында Ақжол Жұмағұловқа қала әкімі Аян Уахитұлының арнайы алғыс хаты табысталып, шапан жабылды.
Сараптамалық алаңға қатысқан әрбір жас кәсіп бастау бағыты бойынша өзіне керекті маңызды ақпараттар ала білді.