ЕИТИ
2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ақпарат - Хабарландыру

Ак. Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде студенттер үшін оқу процесін ұйымдастырылуы туралы шешім қабылдады:

 

1.І курс студенттері аралас форматта оқытылады

2.Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру бойынша ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдарына сәйкес дайындық бағыттарына байланысты ІІ және ІІІ курс студенттері қашықтықтан немесе аралас форматта оқуды жалғастырады.

3.Академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға сәйкес қашықтықтан/аралас форматта ІҮ курс студенттерінің оқуы жүзеге асырылады (дипломалды және кәсіби практикаларды ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу).

Институт әкімшілігінің екінші семестрде оқу процесін ұйымдастыру барысында түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар кездесулері қарастырылған. Кездесулер туралы мәліметтерді студенттер ҚОТ жүйесінің таратылымдарында және Instagram парақшасында алады.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021