«Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер» кафедрасы ақпараттық технологиялар және өндірісті автоматтандыруға байланысты білім беру бағдарламалары бойынша институттың жетекші бөлімше болып табылады.
Кафедра түлектері «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз станциясы» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «R.W.S. Wheelset» ЖШС сияқты облыстағы ірі қала құраушы кәсіпорындардың ақпараттық, қаржы-экономикалық бөлімдерінде және технологиялық процестерді автоматтандыру қызметтерінде еңбек етуде.
Қазіргі уақытта кафедра бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады:
-
6В07132 – Автоматтандыру және басқару
-
6В06110 – Ақпараттық жүйелер
Кафедраның миссиясы – сапалы білімді, жинақталған тәжірибені, корпоративтік интеллекті, адамгершілік әлеуетті пайдалана отырып IT-мамандардын оқыту және осы саланың жаңа бағыттарын құрастырып, әрі қарай дамыту болып табылады. Кафедра білімге қол созып, табысқа ұмтылуды қолдайды. Миссияны жүзеге асыру- кәсіби білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Гүлденген қоғамда ойлаған жетістікке жетудің кепілі- білім.
Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары:
-
ақпараттық жүйелер мен технологияларға қатысты салаларда Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық мектепті қалыптастыру;
-
білім беру қызметінің сапасының өсуі және кафедра мамандықтары бойынша білім беру қызметінің оң имиджін құру;
-
тұтынушылар арасында институттың білім беру қызметтері мен бәсекелестер арасындағы айырмашылық туралы түсінік қалыптастыру және оның аймақтың білім беру нарығындағы үлесін барынша арттыру.
-
жоғары кәсіби мамандарды даярлаудың тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру және ұйымдастыру, автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және бакалаврларды оқыту үдерісінде білім беру саласындағы білімдерді тарату және қолдану.
Институттың бәсекеге қабілеттілігі ұлттық білім беру жүйесін табысты реформалаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Институттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету объективті түрде бітіруші кафедралардың жұмысына байланысты.
Нәтижелері электронды үкімет порталында https://m.egov.kz/cms/ru/articles/ind-edu?mobile=yes орналастырылған «Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалау» бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жұмыспен қамту бойынша – 86% құрады және бірінші орынды иеленді.