"Автоматтандыру және Ақпараттық жүйелер" кафедрасы бакалавриаттың төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады:
- 6B07132 -Автоматтандыру және басқару
- 6B06110-Ақпараттық жүйелер
6B07132 -Автоматтандыру және басқару
Білім беру бағдарламасының мақсаты: жабдықтар мен компьютерлік технологияларды пайдалануға, жобалауға және енгізуге байланысты технологиялық процестер мен өндірістік объектілерді автоматтандыру және басқару жөніндегі технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Оқытылатын пәндер:
- Жалпы білім беру пәндері
- Құрылғылар мен автоматтандыру жүйелерінің компьютерлік графикасы
- Автоматика және телемеханиканың теориялық негіздері
- Автоматтандыру және басқару негіздері
- Жылу энергиясын өндірудің технологиялық негіздері
- Автоматты реттеудің сызықтық жүйелері
- Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері
- Автоматтандыру және басқарудың техникалық құралдары
- Автоматтандырылған басқару жүйелерін жоспарлау және оңтайлы басқару
- Автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау
- Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері
- және басқалар.
Оқыту нәтижесі:
ОН 1 |
Ғылыми - жаратылыстану пәндер саласындағы базалық негіздерді, еңбекті ұйымдастырудың экономикалық- ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін білуін және түсінуін кӛрсетеді. |
ОН 2 |
Өндірістік процестерді ұйымдастыруда және басқаруда заманауи ақпараттық технологиялар мен жабдықтарды қолданады. |
ОН 3 |
Басқаруды автоматтандыру жүйелерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу әдістері мен құралдарын енгізеді. |
ОН 4 |
Жоғары деңгейлі тілдерде және IEC 61131 стандартты бағдарламалау тілдерінде бағдарламалайды. |
ОН 5 |
Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді: оның нәтижелерін өңдейді, бағалайды, жинақтайды. |
ОН 6 |
Автоматтандыру мәселелерін шешу үшін микропроцессорлық техниканы, ақпаратты қабылдау – беру құралдарын және бағдарламалық өнімдерді пайдаланады. |
ОН 7 |
Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру, сонымен қатар оларды автоматтандыру және басқару құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды. |
ОН 8 |
Өндірістің технологиялық негіздерін ескере отырып, техникалық құралдарды, автоматтандыру, бақылау және диагностика жүйелерін жобалауды, енгізуді және пайдалануды жүзеге асырады. |
ОН 9 |
Өндірісті автоматтандыру міндеттерінің оңтайлы шешімін табады. |
ОН 10 |
Дерекқорды басқару жүйесін құру және автоматтандырылған басқару жүйелеріндегі деректерді талдау арқылы үлкен деректерді өңдейді. |
Берілетін дәрежесі: 6В07132 – Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавр
6В06110 – Ақпараттық жүйелер
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, лингвистикалық, графикалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етуді қоса алғанда, әр түрлі бейіндегі ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және пайдалану саласында жоғары білікті мамандарды дайындау.
Оқытылатын пәндер:
- Жалпы білім беру пәндері
- ОББ базасындағы бағдарламалық кешендерін құру
- Web қосымшаларды әзірлеу және тестілеу
- Сұлбатехника
- Үлкен деректерді өңдеу және сақтау технологиялары
- Компьютерлік модельдеу негіздері
- Робототехника
- Байланыс және коммуникациядағы қазіргі шаралар
- Жасанды интеллект негіздері
- Мобильді қосымшаларды әзірлеу
- ІоТ жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау
- және басқалар.
Оқыту нәтижесі:
ОН 1 |
Жаратылыстану ғылымдары, еңбекті ұйымдастырудың экономикалық, ұйымдық-құқықтық негіздері саласындағы базалық білімі бар. |
ОН 2 |
Көпшілдік, бастамашылдық және жұмысқа психологиялық дайындығын көрсетеді, оның ішінде топта жұмыс істегенде. |
ОН 3 |
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен АТ жобаларын басқару әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі пәндік салалардағы ақпараттық жүйелер мен олардың құрамдас бөліктерін әзірлейді. |
ОН 4 |
Кәсіби есептерді шешу үшін әртүрлі процестер мен жүйелерді модельдеу үшін математикалық модельдер мен әдістерді қолданады. |
ОН 5 |
Заманауи бағдарламалау тілдерінде тиімді алгоритмдер мен бағдарлама кодтарын әзірлейді. |
ОН 6 |
Ақпараттық жүйелер үшін мәліметтер базасының архитектурасын жобалайды. |
ОН 7 |
Заманауи мобильді және Web - қосымшаларды әзірлейді. |
ОН 8 |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; оның нәтижелерін өңдейді, бағалайды, қорытындылайды. |
ОН 9 |
Ақпараттық жүйелер мен компьютерлік желілердің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілендіруді жүзеге асырады. |
ОН 10 |
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді талдау арқылы қажетті ақпаратты шығарады. |
Берілетін дәрежесі: 6В06110 –Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр