ЕИТИ
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ - Жаңалықтар

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Атырау облысына жұмыс сапарымен барды.

Министр жұмыс сапарын облыс әкімі Серік Шәпкеновпен бірге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарасты апаттық деп танылған №2 жатақхананың жағдаймен танысудан бастады. Қазіргі уақытта студенттер облысымыздағы басқа да оқу орындарының жатақханасына орналастырылған.

Ары қарай Саясат Нұрбек Атырау университеті жанынан құрылған ер балаларға арналған «Ұстаз» мектеп интернатының оқушыларымен жүздесіп, болашақ мұғалімдердің жай-күйін біліп, оқушыларға дәріс оқыды. Мектепте аудандардан жиналған 100-ге жуық 10-11 сынып оқушылары тегін білім алуда.

Сонымен қатар аймақтың екі жоғары оқу орны – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Атап өтсек, ынтымақтастық аясында Губкин университеті Сафи Өтебаев университінің кітапханасына 1300 астам кітап сыйлаған. Іс-шара барысында министр ғылым және білім саласындағы өзгерістер мен алда атқарылатын мақсат-жоспарлармен бөлісті.

«Қазіргі таңда ғылым және жоғары білім саласын дамытуға орай жеті жылдық тұжырымдама дайындалуда. Соның аясында жоғары білім саласына 7,5 млрд доллар бөлінетін болады. Бұл қаражат жаңа оқу ғимараты мен жатақханалардың бой көтеруіне, лаборториялық орындардың ашылуына және инфрақұрылымдардың дамуына негіз болады. Сондай-ақ, басымдылық өңірлердегі жоғары оқу орындарына бөлінеді», - деді министр.

Республикалық «Сенің сәтің» форумы аясында Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы студенттік кеңестің отырсына қатысты. Әр аймақтан жиналған белсенді студенттердің басын қосқан шарада министр ғылым, білім жолындағы маңызды ақпараттармен бөлісіп, белсенді студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 

 

 

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021