СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Институтта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) ұйымдастыру және жоспарлау "СҒЗЖ туралы Ережеге"сәйкес жүзеге асырылады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқу жылы ішінде келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарланады және жүргізіледі:
- студенттердің қаржыландырылатын және бастамашыл ҒЗЖ орындауға қатысуы;
- ғылыми материалдарды дайындау, оқытушылармен бірлесіп ғылыми мақалалар жариялау;
- конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысу;
- бітіруші кафедраларда дипломдық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ ҒЗЖ элементтерімен жұмыстарды орындау.
СҒЗЖ ұйымдастыру кезіндегі институттың негізгі міндеті студенттерді олардың дайындық деңгейін ескере отырып, шығармашылық қызметтің әртүрлі формаларына сараланған тарту арқылы шешіледі және орындалады. Студенттердің "білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірістегі заманауи инновациялар"атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағының жыл сайынғы басылымында белсенді жариялануы осыны дәлелдейді.
Институтта студенттердің ғылыми үйірмелері жұмыс істейді, олар студенттің ғалым ретіндегі интеллектуалды саласында кәсіби дамудың бастапқы кезеңі болып табылады.