ЕИТИ
Жалпы ақпарат
 
 «Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұздық инженерлік-техникалық институты» оқу орны (одан әрі академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ) Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру субъектісі болып келеді және облыстық әділет департаментінде тіргкелген Жарлықтың, Әділет Департаментімен берілген, И№0456499, № 798-1945-16-У-е заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу куәлігінің негізінде әрекет жасайды.
2016 жылы 4 шілдеде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінің отырысында (IQAA)шешім қабылданды:
1 Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ 5 жыл мерзімімен аккредиттелсін;
2 Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ білім беру бағдарламалары аккредиттелсін:

6B07110 Жылу энергетикасы

6В07140 Технологиялық машиналар және жабдықтар (Тау машиналары және  жабдықтары)

6B07230 Тау- кен ісі (Пайдалы қазбалар кен орнын жер асты игеру)

6B07210 Тау-кен ісі (Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық  игеру)

6B11310 Автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру  

6B11320 Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру

6B07152 Көлік,көлік техникасы және технологиялары  

6B07310 Құрылыс

6B07122 Электр энергетикасы (Қала мен өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықдау)

6B07121 Электр энергетикасы (Электр стансалары)

6В04120 Менеджмент

6В04110 Экономика

6B04130 Қаржы

6В07222 Металлургия

6B06110 Ақпараттық жүйелер  

6B07132 Автоматтандыру және басқару

   Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ 150 мыңға жуық тұрғыны бар, ел аймағының жалғыз Екібастұздық отын-энергетикалық жоғары оқу орны болып келеді. Бұл жерде Екібастұздық отын-энергетикалық кешеннің (одан әрі ЕОЭК) және Қазақстан Республикасының кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылыми зерттеулерді зерттеуді орындау және олардың негізінде жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатты түрде қамтамасыз етіледі.
 Техникалық кәсіптік білім беру негізінде мектеп түлектері үшін жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндіктері бар. Оқу мерзімі 4 жыл.
 Техникалық кәсіптік білім беру негізінде жоо түлектері екінші жоғары кәсіптік білім ала алады.
 Колледж түлектері үшін жылдам оқу түрі бойынша жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндіктері бар.
 Құрылған жылдардан бастап институт қабырғаларынан Президенттің Әкімшілігінде, әкімдіктерде табысты жұмыс істейтін, ірі кәсіпорындарда басшылық ететін, елімізде, сондай-ақ шетелде атақты ғалымдар, саясаткерлер болып атанған 6 мың мамандар шықты.
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021